Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ЕGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

ЕGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
Фото: pixabay.com

eGov Mobile қосымшасында шетелде алынған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды тану қызметі қолжетімді болды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызмет шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе оқуын жалғастыру үшін дипломын ресми түрде растауға мүмкіндік береді.

"Бұрын дипломды тану рәсімі жеке өтініш беруді және қағаз құжаттарды жинауды талап етсе, енді бүкіл процесс онлайн форматта қолжетімді. Бұл өтінішті қарау мерзімін едәуір қысқартып, қызметті пайдаланушылар үшін ыңғайлы етеді", - делінген хабарламада.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;
  • "Қызметтер" – "Білім" бөлімінде "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану" қызметін таңдау;
  • өтінішті толтырып, қажетті құжаттарды тіркеп және төлем жасау қажет;
  • өтінішті қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен растау.

Өтініш заңнамада белгіленген мерзімде қаралады. Нәтижесінде, пайдаланушы дипломды тану туралы электрондық құжатты алады немесе заңда көзделген негіздер бойынша дәлелді жауап беріледі.

"Жаңартылған қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылды".

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты