Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында "Қалта ұрысы" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

Қарағанды облысында
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында "Қалта ұрысы" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қарағанды облысының аумағында қалта ұрлығын алдын алу мақсатында "Қалта ұрысы" атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қалта ұрлығының алдын алып, осындай құқықбұзушылықтарға жол бермеу. Облыстық полиция департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Тұрғындарға ұрлыққа ұшырамаудың жолдары түсіндіріліп, сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілуде. Сонымен қатар ұрлық фактісі орын алған жағдайда қалай әрекет ету керектігі жайлы нақты кеңестер берілуде. Жыл басынан бері автобустар мен қоғамдық орындарда 16 қалта ұрлығы тіркеліп, оның ішінде 2 қылмыстық іс бойынша күдіктілер жедел ұсталған.

— Бүгінде қалта ұрлығының басым бөлігі қоғамдық көліктерде орын алуда. Мәселен, №53 және №118 бағыттардағы автобустарда 4 ұрлық, №29 бағытында 3 ұрлық, ал №43, №45, №65, №02 және №01 автобустарында бір-бірден қалта ұрлығы тіркелген. Көп жағдайда ұрылардың олжасы — ұялы телефондар мен әмияндар. Статистикаға сәйкес тіркелген 16 ұрлықтың 13-і ұялы телефондарды, ал 3 жағдайда әмияндарды ұрлау фактілері, — деп атап өтті Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мади Абдуллин. 

Мысалы ақпанның 18-і күні 35 жастағы қала тұрғыны полицияға арыз түсіріп, аялдамалардың бірінде белгісіз адамның қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 25 жастағы күдікті ұсталып, қылмысын мойындады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты