Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
– Алматыда полиция «гастролер»-қалта ұрысын ұстады. Ол қарбалас уақытта қоғамдық көлік жолаушыларынан ұялы телефон ұрлаған.
Сонымен қатар ұрланған телефондарды сатып алушы да ұсталды.
15 телефон тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыскер қамауға алынды, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Жыл басынан бері криминалдық полиция қызметкерлері республика бойынша 417 қалта ұрысын ұстады. Оларға қатысты 461 қылмыстық іс қозғалды. 21 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, 38 «гастролер«-ұры құрықталды.<!--more-->
– ІІМ қалта ұрлығын жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады. Қырағы болуға және құнды заттарды қолжетімді жерде ұстамауға кеңес береміз, — деп атап өтті полиция полковнигі.