Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция туысының атына 11 микрокредит рәсімдеген күдіктіні анықтады

Полиция туысының атына 11 микрокредит рәсімдеген күдіктіні анықтады
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында полиция ЭЦҚ арқылы жасалған алаяқтықты тергеп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында жергілікті тұрғын электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы жасалған алаяқтықтың құрбаны болды. Полицияға жүгінген әйелдің айтуынша, оның жиені өз атына рұқсатсыз 629 мың теңге көлемінде 11 микрокредит рәсімдеген. Зардап шегушінің сөзінше, 2025 жылдың 6 наурызында ол жиенінен ЭЦҚ алу процесіне көмектесуін сұраған. Жас жігіт ноутбук арқылы белгілі бір сайтқа кіріп, фото және бейне тексеруден өтуді сұраған. Кейін ЭЦҚ сәтті жасалғанын хабарлаған. 

Алайда, 8-26 наурыз аралығында әйелге белгісіз қаржы ұйымдарынан күмәнді хабарламалар келе бастаған. Алаяқтықтан қауіптеніп, ол ешқандай әрекет жасамаған. Тек 27 наурызда Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінгенде, оның атына 11 микрокредит ресімделгені белгілі болды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мамандар азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін келесі сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:

— Жеке деректеріңізді, соның ішінде ЭЦҚ-ны ешкімге бермеңіз;

— Верификация жүргізіп жатқан сайттардың ресми әрі қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз;

— Мобильді банк қосымшасында хабарландыруларды іске қосып, қаржылық операцияларыңызды қадағалап отырыңыз;

— Несие тарихыңызды жүйелі түрде тексеріңіз. 

Егер күмәнді әрекеттер байқасаңыз, дереу құзырлы органдарға хабарласыңыз!скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты