Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында 362 кәмелетке толмаған жасөспірім түнде үйден тыс жерде болған

Павлодар облысында 362 кәмелетке толмаған жасөспірім түнде үйден тыс жерде болған
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында 362 кәмелетке толмаған жасөспірім түнде үйден тыс жерде болған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының полицейлері күн сайын рейдтік іс-шаралар жүргізіп, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын және оларға қатысты жасалған құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жұмыстар атқаруда.

- Жыл басынан бері ғана рейдтер нәтижесінде полиция қызметкерлері заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген 362 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады. Ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, - деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті.

Мысалы облыс орталығында сағат 23:50-де кафелердің бірінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз екі кәмелетке толмаған бала болғаны анықталды. Сол күні кешке тағы екі жасөспірім ата-анасыз компьютерлік клубта түнеген. Ата-аналарға қатысты барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы үшін жауапкершілікті тек ата-аналар ғана емес, сондай-ақ мекеме иелері де көтеретінін ескертеді. Биылғы жылы осындай 18 мекеме иесі жауапқа тартылды. Полицейлер рейдтердің тұрақты түрде жүргізілетінін және ата-аналарға балаларының уақытын бақылау қажеттілігін еске салады. Түнде көшеде жүру жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан балаларыңыздың сағат 22:00-ден кешіктірмей үйде болуын қамтамасыз етіп, қиындықтарды болдырмауға және айыппұлдан құтылуға мүмкіндік беріңіз!


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты