Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандағы ең жоғары жалақы төленетін салалар аталды

Қазақстандағы ең жоғары жалақы төленетін салалар аталды
Фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы жалдамалы қызметкерлердің былтырғы IV тоқсандағы жалақысы туралы ақпарат жариялады. Бұл ретте кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындар да есепке алынған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың IV тоқсанында ең жоғары жалақы – 890 573 теңге – сақтандыру және қаржы қызметі саласындағы қызметкерлерде болған.

Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру саласында жұмыс істейтіндер 856 521 теңге табыс тапқан. Жалпы, былтыр жыл аяғында өнеркәсіп саласындағы орташа жалақы 545 797 теңге болған.

Ақпарат және байланыс саласында жұмыс істейтіндер 809 564 теңге алған. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында 614 101 теңге жалақы тіркелген. Көлік және қоймалау саласында жұмыс істейтіндердің табысы 532 752 теңге болған.

Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы қызметкерлерде (270 082 теңге); сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметінде (274 994 теңге), сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс саласында (291 282 теңге) тіркелді.

Қазақстанның қалалары мен облыстары арасында шағын кәсіпорындарды есепке ала отырып, ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында (593 653 теңге), Ұлытау облысында (582 943 теңге), Маңғыстау облысында (564 014 теңге), Астанада (548 579 теңге) және Алматыда (533 365 теңге) байқалған.

"Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы есепті кезеңдегі еңбекақы қоры сомасын нақты қызметкерлер санына және айлар санына бөлу арқылы анықталады", – деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросы.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты