Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең жоғары айлықты кімдер алып жүргені туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz
Бюроның хабарлауынша, бюро жыл сайын "Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп" статистикалық нысаны негізінде кәсіпорындарға зерттеу жүргізеді. "2021 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары жалақы "Азаматтық құрылыс" саласындағы басқарушыда (коммерциялық қызметте) – 4,5 млн теңге сомасында, сондай-ақ "Шикі мұнай және табиғи газ өндіру" саласындағы бас директорда – 3,9 млн теңге және "Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа көтерме саудада сату" саласындағы инвестициялық жобалар жөніндегі директорда – 3,9 млн теңге", – делінген бюроның ҚазАқпараттың ресми сауалына жолданған жауабында.
Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы жалақы мөлшері лауазымға, экономикалық қызмет түріне, аймаққа, біліктілігіне, жұмыс өтіліне және басқа да маңызды факторларға байланысты екенін атап өтті.
Дегенмен ең жоғары айлықтың көлемі 3,9 млн теңгеден басталады десек, оны алатындардың еңбекке жарамды халықтың ішіндегі үлесі 0,1 пайызға да жетпейтін көрінеді. Мәселен, Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша 3,9 млн теңгеден астам жалақы алатын адамдар саны 0,1 пайыздан төмен болған. Ал 28,4 пайыз адамның 275 мың теңгеден астам жалақы алатыны анықталған.
16-08-2022, 10:25
Елімізде ең жоғары жалақы алатын мамандық иелері кімдер
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз