Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция 100 млн теңгеден астам қаражатты иемденген дропперлер тобын ұстады

Полиция 100 млн теңгеден астам қаражатты иемденген дропперлер тобын ұстады
Фото: Polisia.kz

Полиция 100 млн теңгеден астам қаражатты иемденген дропперлер тобын ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Telegram мессенджері арқылы алаяқтықпен айналысқан топты құрықтады. ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық схеманың үш ұйымдастырушысы мен алты дроппер анықталды.

– 2024 жылғы желтоқсаннан бастап жетекші, өз атына немесе үшінші тұлғаларға банк карталарын ресімдеген 15-тен астам дроппер-тұлғалардан тұратын желіні басқарған. Осы шоттар арқылы 100 миллион теңгеден астам сомаға 500-ден астам операция өтті. Әрбір транзакция үшін жетекші комиссияның 5% алып отырған, бұл оған 10 миллион теңгеден астам пайда әкелді, – деп атап өтті киберполицейлер. 

Қылмыстық схеманың үш ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде. Полиция азаматтарды қырағы болуға және банктік деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Күдікті қаржылық операциялар анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады