Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ кадр саласының офицері есірткі жасырушыны ұстады

ІІМ кадр саласының офицері есірткі жасырушыны ұстады
Фото: Polisia.kz

Көктемгі мереке күндері Астана қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шыққан офицер есірткі жасырушыны құрықтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

- Ішкі істер органдарының барлық бөлінісі күшейтілген кезеңге ауыстырылған болатын. Сол кезеңде министрліктің орталық аппаратынан Астана қаласының көшелеріне қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, профилактикалық жұмыстар жүргізуге қызметкерлер жұмылдырылды. Олардың арасында өзім де болдым. Әр қызметкерге бекітілген аймақ болды. Онда кешкі сағат 18:00-ден түнгі 01:00-ге дейін қызметімізді атқардық. Қызмет атқару барысында түнгі сағат 00:00-лер шамасында қарама-қарсы келе жатқан екі жас азаматты байқадым. Олар мені көре сала, тез арада көпқабатты үйлердің ауласына кіріп кеткен болатын, - деді ІІМ кадр саясаты департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Есжан Арыстанов. 

Аға инспектордың түйсігі күдікті көрінген қос азаматтың соңынан еруге бағыттаған. Тәртіп сақшысын көріп ізін суытпақ болған жігіттердің бірінен гашиш есірткісі табылған. Онымен қоса, олардың аула тұрғыны емес, басқа облыстан келгені анықталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, заң жүзінде шара қабылданды. Бүгінде тергеу амалдары жалғасуда.

– Ішкі істер органдары саласының әрбір бөлінісі күшейтілген кезеңге ауысқан кезде барлығы да қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға шығып, өз үлестерін қосады, - дейді полиция майоры. 

Есжан Арыстанов бүгінде кадр саласында қызмет атқарады. Жалпы погонды еңбек жолын 2004 жылы бастаған ол Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратына 2022 жылы келген. Кейіпкердің пікірінше, қай бағытта еңбек етсе де, тәртіп сақшысының мақсаты мен міндеті бір – қоғам қауіпсіздігін бірінші орынға қою.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты