Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақтелеком тауарларының бағасына қатысты тергеу басталды

Қазақтелеком тауарларының бағасына қатысты тергеу басталды
Фото: pixabay.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестік деңгейін айқындау және тауар нарығына қолжетімді ету кезіндегі кедергілерін жоюға бағытталған шараларды әзірлеу мақсатында сымды (тіркелген) интернет қызметтері нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспарлы талдауды аяқтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта сымды интернет нарығы жоғары шоғырланған, мұнда жиынтық үстем жағдайға «Қазақтелеком» АҚ және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ие.
Талдау барысында агенттік қызмет көрсету кезінде бөгде байланыс операторларының көппәтерлі тұрғын үйлерге кіруіне, сондай-ақ кабельдік кәріз желілеріне қосылудың техникалық шарттары туралы ақпарат алуды қиындататын кедергілерді анықтады.

- Егер бұл кедергілер шешілсе, тұтынушыларға интернет қызметтерінің баламалы операторын өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді және кабельдік кәріз иелерінен өтеусіз негізде техникалық ақпарат ала алады.

Сондай-ақ анықталған кедергілерді жою бойынша тиісті ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді, - деп жазды агенттіктен.

Талдау аясында байланыс операторларының интернет қызметтеріне бағасының динамикасы да зерттелді. «Қазақтелеком» АҚ-ның іс-әрекеттерінде тауарға монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері анықталды. Осыған байланысты агенттік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды тергеп-тексеру рәсімін бастады.

Айта кетейік, «Қазақтелеком» және «Kcell-мен» бірлесіп, фрод-қоңырауларды ұйымдастырған күдікті ұсталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты