Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандықтар бөтен ЭЦҚ-ны пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады

Қазақстандықтар бөтен ЭЦҚ-ны пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады
Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Енді жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерді қорғау және электрондық цифрлық қолтаңба салаларындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі айдан бір жылға дейін ұзартылды. Жаңа нормалар 2025 жылғы 13 наурыздан бастап күшіне енді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу, атап айтқанда, дербес деректерді заңсыз жинау, өңдеу және оларды қорғау шараларын сақтамау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдардың мөлшері үш есе ұлғайтылады. Бұрын айыппұлдар құқық бұзушылықтың құрамына және кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты 10-нан 1000 АЕК-ке дейін өзгеріп отырған. Енді олар 30-дан 2000 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 640-бабы бойынша жаңа әкімшілік құқық бұзушылық түрі күшіне енеді. Яғни, басқа адамның ЭЦҚ кілтін пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Бұған дейін әкімшілік жауапкершілік тек ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға заңсыз беру және оны қорғау бойынша тіркеу куәлігінің иесі тарапынан қажетті шараларды қабылдамау жағдайларына ғана қолданылатын. Енді өзгерістер күшіне енгеннен кейін, ЭЦҚ-ны заңсыз берген де, оны пайдаланған тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

Қабылданған шаралар азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтуге, электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЭЦҚ-ға байланысты алаяқтық әрекеттерді азайтуға, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты