Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Елордада ірі ұтыстар туралы хабарлайтын алаяқтық call-орталығы жойылды

ІІМ: Елордада ірі ұтыстар туралы хабарлайтын алаяқтық call-орталығы жойылды
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды анықтау және жолын кесу бойынша шаралар кешенін жалғастыруда, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері елордалық бизнес-орталықтардың бірінде алаяқтық сall-орталықты жойды. Қаскөйлер өздерін "Техносмарт", "Байзон", "Like me shop" интернет-дүкендерінің қызметкерлері ретінде таныстырып, көліктер мен пәтерлер сияқты ұтыстар туралы хабарлап, оларға салық төлеу қажетті туралы айтқан. Жедел іс-шараларды өткізу кезінде кеңсенің алты қызметкері ұсталды. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары. Жеті ноутбук, маршрутизатор, wi-Fi роутер тәркіленді. Егер сіз осындай алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, 102 нөміріне немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция бөліміне хабарласыңыз. Сонымен қатар Жетісу облысында полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, интернет-алаяқтық жасау үшін sim-box құрылғысын пайдалану фактісін анықтады.

Тінту барысында 96 слоты бар жеті sim-box құрылғысы, қазақстандық ұялы операторлардың 50 мыңнан астам sim-картасы, жеті ұялы телефон, екі ноутбук, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған деп болжанған ИЖ-53 маркалы екі пневматикалық тапаншасы және төрт армиялық каска тәркіленді. Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Биыл киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері барлығы 64 sim-box құрылғысын анықтап, отандық ұялы операторлардың 90 мыңға жуық sim-картасын тәркіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты