Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте экономиканы ырықтандыру және жекешелендірудің қарқыны мәселелері қаралды

Үкіметте экономиканы ырықтандыру және жекешелендірудің қарқыны мәселелері қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканы ырықтандыру және жекешелендіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Президенттің тиісті Жарлығы шеңберінде мемлекеттің экономикалық үдерістерге қатысуын қысқарту және бәсекелестікті арттыру шаралары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы қаралып, жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру және үдерісті жетілдіру шаралары талқыланды.

Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін тексеру әрі өзектендіру жұмысы аяқталды. Жекешелендіру үдерісін жандандыру және жетілдіру шеңберінде кепілдік жарналарды қамтамасыз ету үшін «электронды әмиянды» енгізу, сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер беру мерзімін ұлғайту, сондай-ақ қосымша ресурстар бойынша сату туралы хабарламаларды жариялауды қосқанда, нысандарды сату қағидаларына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға тікелей сатудан бас тартуды және мүлікті тек аукциондар арқылы беруді көздейтін түзетулер әзірленді. Жер беру тетігінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін шөлді және шөлейт аймақтарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 100%-ы цифрландырылды.

Бүгінде әкімшілік заңнамаға бизнесті негізсіз араласудан қорғауға бағытталған түзетулер енгізілді.

Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді, 69 нысан қайта ұйымдастыруға/таратуға жіберілді. Сонымен қатар 21 нысан саудаға шығарылып, 155 нысан сатылымға дейінгі дайындықта.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр экономиканы ырықтандыру, оның ішінде қамтылатын салаларды кеңейту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты