Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасы: 10 адамға қатысты сот процесі басталды

Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасы: 10 адамға қатысты сот процесі басталды
Фото: pixabay.com

Қарағандыда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ (қазіргі Qarmet) Костенко атындағы шахтада жарылыс салдарынан 46 кеншінің қаза табуына байланысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала тыңдау Қарағандыдағы тергеу изоляторында өтіп жатыр. Таңертеңнен бастап арнайы мекеме аумағына қаза болған кеншілердің туыстары мен айыпталушылардың жақындары жиналған.

Айыпталушылар тарапында – 10 адам. Олардың барлығы – шахта басшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлер. Біреуі қолхатпен босатылған, қалғандары қамауда отыр.

Олардың барлығына тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚР ҚК 277-бабы, 3-бөлігі) бойынша айып тағылған. Бұл бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Істі Қарағанды қаласы Алихан Бөкейхан аудандық сотының судьясы Бахтияр Ақанов қарайды. Қылмыстық іс материалдары 106 томнан тұрады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, трагедияның басты себебі – тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы. Көмір өндіру учаскесінде болған жарылыс көмір шаңының тізбекті жарылысына әкелген. Оның концентрациясы рұқсат етілген нормадан әлдеқайда асып кеткен. Бұл іс бойынша 74 адам жәбірленуші ретінде танылды.

Еске салайық, Костенко атындағы шахтадағы жарылыс 2023 жылғы 28 қазанда болды. Оқиға туралы таңғы 8-де белгілі болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған. Трагедия салдарынан 46 кенші қаза тапты, тағы 10 адам ауруханаға жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты