Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда оқушының әзілі үшін ата-анасы жауапқа тартылады

Қостанайда оқушының әзілі үшін ата-анасы жауапқа тартылады
Фото: pixabay.com

Қостанайда бесінші сынып оқушысының әзілі ата-анасы үшін жазаға айналды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

4 наурызда полицияға мектеп оқушысынан қоңырау келіп түсті. Ол қалалық мектептердің бірін террористер басып алды деп хабар берген. Оқиға орнына әр түрлі қызметтердің өкілдері: полиция, құтқарушылар, ҰҚК қызметкерлері дереу барды. Мамандар оқу орнының аумағын тексерді. Алайда қауіп расталмады, сондай,ақ жарылғыш заттар мен күдікті адамдар табылмады. Полицейлер дереу қоңырау шалушының жеке басын анықтады. Ол сол мектептің 5-сынып оқушысы болып шықты. Үрей тудырған әзіл оның отбасы үшін ауыр зардаптарға әкелді. Қазіргі уақытта полицияның көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін ата-анасы жауапкершілікке тартылады. Полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (бүгінгі күні – 19,6 млн.теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін еске салды. Бұл қылмыс үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, сондықтан оны мектеп оқушылары да есте ұстауы керек. Сонымен қатар сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелу қажет. Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, залалды өтеу олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты