Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтік платформасы отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтік платформасы отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуропалық Одақ Өкілдігінің Уақытша сенімді өкілі Йоханнес Баурмен бірге ЕО-ға мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары басшыларының, сондай-ақ бірқатар жетекші еуропалық өнеркәсіп компаниялары басшыларының қатысуымен «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтік платформасының 16-шы отырысын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуропалық Одақ Қазақстанның халықаралық аренадағы маңызды серіктесі болып саналады. 2005–2024 жылдар аралығында Одақ елдерінен Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $200 млрд-тан асты, бұл елімізге келген тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 47,8%-ын құрады.

«Бүгінде Еуропалық Одақ – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Бұл еліміздің сыртқы саудасының үштен бірінен астамын және тартылған инвестицияның жартысын құрайды. өткен жылы елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымы 17%-ға өсіп, $50 млрд-қа жетті. Біз Еуропаға жеткізілетін тауар номенклатурасын одан әрі кеңейтуге және әртараптандыруға мүдделіміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мақсатында жеке инвестициялар ағыны үшін барынша қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 

Жаңа инвестициялық циклды бастауға және еліміздің ЖІӨ-ні екі есеге арттыру жөніндегі стратегиялық міндетті қол жеткізуге бағытталған 2029 жылға дейінгі жаңартылған инвестициялық саясат тұжырымдамасы іске асырылуда.

Үкімет нормативтік рәсімдерді бюрократиядан арылту және оңтайландыру үшін мемлекеттік басқаруға цифрлық шешімдер енгізуде. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасы, сондай-ақ лицензиялау процестерінің ашықтығын қамтамасыз ететін  minerals.gov.kz және e-qazyna.kz порталдары іске қосылды. Шикізат өңдеуді және қосылған құны жоғары дайын өнім шығаруды басым түрде дамыту үшін заңнамалық база жетілдірілуде. Қабылданған шаралар бизнеске кедергілерді жоюға, экономиканы ырықтандыруға бағытталған.

«Қазақстанмен бірге біз цифрландыруды қолдау және геодеректерді басқару сияқты нақты іс-қимылдарға ерекше назар аудара отырып, 2025–2026 жылдарға арналған стратегиялық әріптестіктің жол картасын әзірлеп жатырмыз», — деп атап өтті Йоханнес Баур.

Сөз алған Германия елшісі Моника Иверсен, Франция елшісі Сильван Гиоге, Польшаның Уақытша сенімді өкілі Михал Рафал Лабенда сауда, ғылым және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы өзара іс-қимылды нығайту туралы ұсыныстар жасады.

Тау-кен өнеркәсібі саласындағы бірқатар бастама туралы, әуе геофизикасы және картографиялық геофизика саласындағы әлемдік көшбасшы, испандық Xcalibur Multiphysics компаниясының бас директоры Андрес Бланко; жабдықтың ірі жеткізушісі финдік Metso компаниясының Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті Камиль Аляутдинов; тау-кен өнеркәсібі, инфрақұрылым және табиғи ресурстарды өндіруге арналған жабдықтар мен шешімдердің әлемдік жетекші өндірушісі Epiroc швед компаниясының Орталық Азия бойынша өңірлік бас менеджері Камшат Галиева.

Көтерілген мәселелерге ҚР өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің басшылығы түсініктеме берді.

Сонымен қатар Премьер-министр Олжас Бектенов дипломатиялық миссиялар басшыларына қазақстандық кәсіпкерлер алдында тұрған отандық бизнестің іскерлік белсенділігіне тікелей әсер ететін түйткілді мәселелерді жеткізді. Атап айтқанда, визалық рәсімдер тақырыбы көтерілді. 

«Жақында отандық кәсіпкерлермен кездесуімде, әсіресе, Литва, Германия және Польша сияқты елдерде шенген визаларын алудағы қиындықтар туралы мәселе көтерілді. Қазақстандық жүк тасымалдаушылар виза орталықтарындағы бос орындардың шектеулі санымен, ұзақ күту мерзімдері – екі айға дейін, сондай-ақ қысқамерзімді визаларды беру – үш айға дейін, бұл олардың қызметін айтарлықтай қиындатуда. Қосымша кедергілер халықаралық тасымалдауға рұқсат құжаттарының түпнұсқаларын талап етеді. Бұл шектеулер қазақстандық компаниялар үшін қосымша кедергілер туындатады және ЕО-мен екіжақты экономикалық қарым-қатынастардың дамуына әсер етеді», — деп атап өткен Олжас Бектенов қазақстандық бизнесмендер мен жүк тасымалдаушылар үшін рәсімдерді жеңілдету бойынша сындарлы диалогқа сенім білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға, экономикалық байланыстарды нығайтуға және болашағы зор жаңа бастамалар бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін растады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты