Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мемлекеттік қажеттілік үшін жерді сатып алу тетігін түсіндірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жерді сатып алу үшін берілетін өтемақы сомасы халықтың барлық қажеттілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз деп айтылып жатыр. Бағалаудың заңнамамен белгіленген нақты механизмдері бар, бірақ егер сот заңға сәйкес көбірек өтемақы тағайындаса, қала оны төлейді. Қажетті қаражатты табамыз, үнемдейміз. Ең бастысы, қаланың дамуы қажет. Қала әкімі ретінде менде шаһарды дамыту үшін жеткілікті мемлекеттік жер қоры жоқ», – деді Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуде.Қала басшысы 2022 жылы тағайындалғаннан бері әкімдік жерді жол салу, әлеуметтік инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерді дамыту мақсатында ғана сатып алып жатқанын және мұның бәрі заң аясында жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.
«Бюджет қаражатына сатып алынған бір сотық жерді де Жер кодексіне сәйкес жекеменшікке бере алмаймыз. Бұл мәселені бірден нақтылап айтқым келеді, әкімдік