Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейде баланы аяусыз соққыға жыққан: балалар омбудсмені мәлімдеме жасады

Семейде баланы аяусыз соққыға жыққан: балалар омбудсмені мәлімдеме жасады
Фото: pixabay.com

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бүгін, 25 ақпанда Абай облысының әкімі Берік Уәлимен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелерін және Семейде жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмысты талқылағанын айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Семейде жас балаға қатысты қылмыс жасаған екі жасөспірімнің ата-аналары бұған дейін баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-аналар ретінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралған.

"Ата-аналардың бірі наркологиялық диспансердің есебінде тұр. Ал екінші отбасында бала мектепішілік есепке алынған. Осындай жағдайға тап болған отбасылармен кешенді жұмыс жүргізу қажет, әсіресе бұл жұмыс қабылданған заңға сәйкес елдің барлық аудандарында ашылуы тиіс Отбасын қолдау орталықтары арқылы жүзеге асырылуы керек. Қазір Абай облысында мұндай орталық тек бір ауданда ғана бар, болашақта тағы 10 аудан мен екі қалада, соның ішінде Семей қаласында да ашылуы қажет. Сол себепті әкіммен осы Отбасын қолдау орталықтарын ашу, сондай-ақ заңға сәйкес қорғаншылық органдары қызметкерлерінің санын арттыру және қыркүйек айынан бастап мектептерде енгізілген бірыңғай тәрбие беру бағдарламасының іске асырылу сапасы мәселелерін талқыладық", - деп жазды ол.

Зәкиеваның айтуына қарағанда, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шаралар қабылданып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді