Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада лифтіде балаға шабуыл жасаған жасөспірім қазір қайда

Астанада лифтіде балаға шабуыл жасаған жасөспірім қазір қайда
Фото: бейнескриншот tengrinews.kz

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде жасөспірім балаға шабуыл жасаған оқиғаға қатысты кейбір мәліметтерді айтты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Зәкиева жасөспірім қайда екенін айтты. Ол тергеу изоляторында емес.

"Кеше өңірлік уәкілмен бірге ауруханаға балаға барып, әкесімен сөйлестім. Баланың жағдайы тұрақты, барлық қажет көмек көрсетіліп жатыр. Шабуыл жасаған бала тергеу кезінде жағдайына байланысты денсаулық сақтау жүйесінің мекемесіне орналастырылды. Баланың анасы жауапкершілікке тартылғаны белгілі", - деді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Оның айтуынша, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

"Бала арнайы бөлімде бақылауда", - деді Зәкиева.

Еске салайық, 2025 жылы 11 ақпанда Астанада 14 жастағы жасөспірім лифтіде балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.

Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала бес жаста. Оқиғадан кейін ол көпсалалы №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған.

Дәрігерлер оның жалпы жағдайын ауыр деп бағалады. Ал отадан кейін баланың жағдайы тұрақты екені айтылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті