СҚО-да есірткі зертханасын ұйымдастырушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
“Мұнда су тасқыны болып жатыр, жан-жақта полиция қызметкерлері жүр, не істейміз?”, – өткен жылдың сәуір айында су басқа аумақта есірткі жасырмақ болған басқа қаладан келген есірткі жасырушы не істерін білмей өзінің жетекшісіне осылай жазған. Сол күні полицейлер Қарағанды облысының 47 жастағы тұрғыны мен Алматы облысының 38 жастағы тұрғынын ұстап, олардан салмағы 200 грамнан асатын α-PvP және мефедрон синтетикалық есірткілерін тәркіледі. Бұл аса ауыр салмаққа жатады. Келу туралы міндеттемемен босатылғаннан кейін күдіктілер қашып кеткен. Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер олардың жүрген жерін анықтады. Олардың екеуі де буып-түюді және есірткі жасыруды ысырып қойып, тыйым салынған заттарды өндіруге көшкені белгілі болды. Бұл үшін олар Алматы қаласының маңындағы елді мекенде үйді жалға алып, “тазалауға арналған заттар” деген атпен жеткізілген құрал-жабдықтарды, прекурсорларды сатып алған. Сарапшылардың айтуынша, есірткі зертханасы шамамен 18 келіге тарта қауіпті затты өндіруі керек болған. Қызметтік іссапар барысында СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері зертхана жұмысының жолын кесіп, қылмыскерлерді ұстады. Сот оларды кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды, бұдан бөлек жазаларын өтеу орнында нашақорлықтан мәжбүрлі емдеу шараларын тағайындады.Бүгін, 15:52
СҚО-да есірткі зертханасын ұйымдастырушылар бас бостандығынан айырылды

Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз