Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов кәсіпкерлермен көлік-логистика саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов кәсіпкерлермен көлік-логистика саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен мемлекеттік ұйымдар басшылығының қатысуымен ҚР Көлік және логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөніндегі отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Автомобиль, теміржол, су және авиация көлігі салаларындағы ағымдағы жағдай мен күрделі мәселелерге қатысты сындарлы диалог өтті. Бизнес өкілдері жеке инвестицияларды енгізудегі және саладағы жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысындағы әкімшілік кедергілер туралы мәлімдеді. Еліміздегі бизнес-ахуалды жақсарту үшін реттеуші нормаларды жетілдіру туралы ұсыныстар айтылды.

«Конкурент-Б» ЖШС бас директоры Бақытбек Қадыров теміржол саласына жеке инвестицияларды тартуға қатысты ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, инфрақұрылымы жоқ, бірақ экономикалық өсу үшін әлеуеті бар өңірлерде жаңа жолдар салу жөнінде бастама көтерді. Бұл инфрақұрылымдағы кедергілерді жеңілдетуге, елішілік аумақтық байланыстың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Премьер-министр теміржол құрылысына жеке инвестицияларға қатысты бастаманы қолдап, Көлік министрлігіне биылғы 1 наурызға дейін инвестицияларды қайтару тетігі бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағының президенті Мақсат Сақтағанов көліктегі бақылау тақырыбын көтерді. Ұсыныс ретінде автомобиль көлігінде валюталық бақылауды енгізу идеясы айтылды. Сондай-ақ оның пікірінше, рұқсат беру құжаттарының түпнұсқалығын тексеру рәсімі бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров рұқсат беру құжаттарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолдан жасауға жол бермеу үшін QR-кодтарды енгізу жоспары туралы баяндады.

«Victory trans» ЖШС директоры Қуанышбек Садырбаев отандық тасымалдаушыларды қолдау мақсатында Қазақстанда халықаралық тасымалдарда автомобиль көлігіне рұқсат беру жүйесін қолдану ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізу туралы бастама көтерді. 

Еліміздің 60 ірі және 40 шағын автобус тасымалдаушыларын біріктіретін «Қазақстан автомобиль конвенциясы» қауымдастығының президенті Марат Берқалиев Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі 3 жылға арналған шаралар кешенін бекітуге қатысты ұсыныстарын айтты, онда тасымалдаушылардың шығындарын толық субсидиялау, паркті жаңарту және басқа да мәселелер көзделген.

Премьер-министр бұл ұсынысты қолдап, Көлік министрлігіне тиісті тапсырма берді. 

«Сары-Арқа» халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры Ерлан Оспанов шағын авиация инфрақұрылымы үшін әуе хабтарын дамыту бойынша бірқатар шара ұсынды. Әуежайларды жүйелі дамыту, олардың экономикалық тұрақтылығын арттыру қажеттігіне баса назар аударылды.

Премьер-министр бастамаларға қолдау білдіріп, әуежайлардың жұмысы үшін бәсекеге қабілетті жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Аталған мәселеге қатысты егжей-тегжейлі пысықтау және шешім қабылдау үшін қосымша кездесулер өткізіледі. 

Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекет пен бизнестің белсенді өзара іс-қимылын қажет ететінін баса айтты. Мемлекеттік бюджет саланың барлық қажеттілігін өтей алмайды, сондықтан жеке инвестициялар тартуға басымдық беріледі. 

Үкіметтің «Атамекен» ҰКП-мен ел экономикасын тиімді дамыту мақсатында бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайту жөніндегі бірлескен жұмысы жалғасуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты