Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында полиция 40 млн теңгенің есірткісін заңсыз айналымға жібермеді

Қостанай облысында полиция 40 млн теңгенің есірткісін заңсыз айналымға жібермеді
Фото: Polisia.kz

Қостанай облысында полицейлер құны қара нарықта 40 млн теңге болатын синтетикалық есірткінің 2 мың дозасын заңсыз айналымға жібермеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Синтетикалық есірткілерді сақтау және тарату күдігі бойынша 35 жастағы ер адам ұсталды. Қызметтік-іздестіру итінің қатысуымен жүргізілген операция Қостанайдағы Киев кентіне қарасты жолда өз мәресіне жетті. Ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақты заттың 20 пакеті бар үлкен полиэтилен орамы табылды. Олардың әрқайсысы жасыл түсті скотчпен оралған. Hyundai Tucson көлігін тінту барысында ұқсас заты бар 70 шағын пакеті бар тағы 3 осындай орам табылды. Артқы орындықта тағы 35 пакет пен түрлі түсті жабысқақ таспа орамдары болды. Сонымен қатар күдіктінің пәтерін тінту кезінде жуынатын бөлмеде есірткіні орауға арналған бос қаптамалар, ұнтақ салынған целофан пакеті, сондай-ақ электронды таразылар мен өлшеуіш қасықтар табылды. Сараптама алынған ұнтақтың жалпы салмағы шамамен 1 келі болатын мефедрон екенін анықтады, бұл шамамен 2 мың дозаға тең. Қара нарықтағы есірткінің құны шамамен 40 миллион теңгені құрайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді