Дс, 14 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназиясына барды

Президент Алматы қаласына жұмыс сапары аясында 1970 жылы өзі бітірген Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектеп-гимназиясына барды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекет басшысы заманауи интерактивті оқу құралдарымен жабдықталған кабинеттерді, акт залы мен мектеп кітапханасын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде өзі оқыған сыныпқа кірді. Қазіргі уақытта бұл кабинетте француз тілі оқытылады.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы мектеп тарихына арналған музейдің экспозициясымен танысты. Онда оқу ордасының өткені туралы түрлі архив құжаттары, белгілі түлектердің өмірбаяндары мен фотосуреттері жинақталған.

Содан кейін Президент мектеп кітапханасындағы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 1970 жылы 10 «В» сыныбының атынан өзі жазған хат көрсетілді. Бұл хат уақыт капсуласына салынып, мектеп қабырғасына қаланған екен.

«Біздің атқарған ісіміз аз емес, дегенмен әлі де жұмыс көп. Біз 10-сыныпты жақсы бітіруге уәде береміз. Институтқа түсу емтихандарын жақсы тапсыруға уәде береміз. Ал оны бітірген соң жұмыс істейміз. 2017 жылы 64-65 жасқа толған кезімізде сіздердің көздеріңізге тік қарауға ұялмайтындай болып келуге уәде береміз», – деп жазылған хатта.

Дәстүрді жалғастырған 11-сынып оқушылары Мемлекет басшысымен бірге 2050 жылға арналған хатты уақыт капсуласына салып, мектеп қабырғасына қойды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты