Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында қызмет бабында қаза болған полицейді ақтық сапарға шығарып салды

Жамбыл облысында қызмет бабында қаза болған полицейді ақтық сапарға шығарып салды
Фото: Polisia.kz

Жамбылдықтар Қордай ауданында республикалық маңызы бар тасжолда қызметтік міндетін атқару кезінде жол апаты салдарынан қаза болған полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпірді соңғы сапарға шығарып салды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаназаға марқұмның отбасы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, бірге қызметте болған әріптестері мен достары қатысты. Абай Үшкемпір қайтыс болғаннан кейін ҚР ІІМ-нің "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Қоштасу жиынында медаль марқұмның ата-анасына табысталды. Сондай-ақ ҚР ішкі істер министрі Ержан Саденовтың, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмның отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді.

- Әріптесіміздің қызмет барысында кенеттен қаза болуына қабырғамызды қайыстырды. Жас болса да, өңірдегі қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалауда өлшеусіз өз үлесін қоса білген азаматтың әлі де халыққа берер пайдасы мол еді. Артында қалған отбасы, кішкентай қызына әрқашан қолдау жасап, қамқор боламыз. Батырдың жарқын бейнесі мен абыройлы есімі әрдайым жадымызда сақталады, — деп Б.Малыбаев қаза болған әріптестерінің жақындарын сабырға шақырып, көңіл білдірді. 

Полиция қызметкерінің жаназасы өз туған жері — Айша бибі ауылында өткізілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады