Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Қару" ЖПІШ: Қызылорда облысында полиция 100-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады

Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында 2219 қару иелері тексерілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс көлемінде қарумен жасалатын қылмыстарды болдырмау және алдын алу мақсатында 2025 жылғы қаңтар айының 28-31 аралығында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның төрт күнінде барлығы 2219 қару иелері тексеріліп, 99 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Мәселен, Қызылорда облысы ПД Қармақшы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы аймақ аралау кезінде 40 жастағы ауыл тұрғынының ІІО тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған материалдар сотқа жолданды.

Іс-шара барысында қаруды заңсыз сақтау, алып жүру, тасымалдау дерегімен - 9, қаруды сақтау ережесін бұзу дерегімен - 72 және қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзған 18 азаматқа қатысты әкімшілік шара көрілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді