Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер экологтармен бірлесіп 116 стихиялық қоқыс үйіндісін анықтады

СҚО-да полицейлер экологтармен бірлесіп 116 стихиялық қоқыс үйіндісін анықтады
Фото: pixabay.com

СҚО-да полицейлер экологтармен бірлесіп 116 стихиялық қоқыс үйіндісін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылғы көктемнің соңынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында стихиялық қоқыс үйінділерін анықтауға және жоюға бағытталған мобильдік топтар белсенді жұмыс істеп келеді. Полиция және экология департаменттерінің қызметкерлерінен құралған мобильдік топ рейдке 31 рет шығып, оның барысында қалдықтарды рұқсатсыз үюдің 116 орны анықталды, олардың 96-сы бүгінде жойылды.

Рейдтік іс-шараларды өткізу шеңберінде халыққа, кәсіпорындар мен ұйымдарға қоқысты шығару және сақтау ережелері, оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары мен жадынамалар тарату ұйымдастырылды.

Сәуір айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Таза Қазақстан" акциясы басталған сәттен бастап СҚО-да жалпыға ортақ пайдалану орындарын ластаудың 1881 фактісі және абаттандыру ережелерінің 9096 бұзушылығы анықталды. Акция аясындағы жұмыс ұдайы негізде жалғасуда.

Полицейлер солтүстікқазақстандықтар мен облыс қонақтарына аймақты абаттандыруға белсенді қатысуға шақырады. Экологиялық бастаманы қолдау арқылы әркім қоршаған ортаның тазалығына үлесін қоса алады. Егер сіз қоқыстың заңсыз шығарылуын немесе қалдықтардың жиналуын байқасаңыз, бұл туралы "102" нөміріне хабарлаңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты