Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық тауық етінен қауіпті бактерия табылды

Қазақстандық тауық етінен қауіпті бактерия табылды
Фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстаннан Ресейге жеткізілетін тауық етінен өлімге әкелетін листерия табылды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 29 қаңтарда Россельхознадзор "Макинская птицефабрика" ЖШС өнімдеріне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілгенін хабарлаған.

Мұндай бақылау кезінде тауарлар ЕАЭО аумағында тасымалдана алады, бірақ әрбір партия міндетті тексеруден өтеді.

"Қазіргі уақытта комитет Россельхознадзордан зертханалық зерттеулердің растайтын нәтижелерін алған жоқ. ЕАЭО №94 ережесіне сәйкес, уәкілетті органдар анықталған заңбұзушылықтар туралы барлық мүдделі тараптарды 10 жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті. Осы жағдайдың себептерін анықтау үшін Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы кәсіпорында тексеру жүргізіп, өнім үлгілерін зертханалық талдауға алады", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Россельхознадзорда салқындатылған бройлер тауық етінің партиясынан сынама алу нәтижесінде қазақстандық өндіруші "Макинская птицефабрика" құсынан листерия анықталғаны хабарланған болатын. Ведомство өндірушіге қатысты күшейтілген зертханалық бақылауды енгізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады