Атырауда былтыр Жеңіс саябағында 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлаған еді. Ауыр дене жарақатын алған жасөспірім аурухана көз жұмды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға былтырғы 25 маусымда болған. Сол күні кешкі сағат 21:40 шамасында басталған жаңбырдың соңы нөсерге ұласқан. Жеңіс саябағына серуендеуге келген бір отбасының 2 баласы ескерткіштің артын паналаған.
Сол кезде ескерткіш құлап, 7 жасар қызды басып қалған. Ал оның қасында болған 2015 жылғы бауырының қолы сынған.
Екеуі де облыстық балалар ауруханасы жеткізіді. Алайда 7 жасар қыз ауыр дене жарақатының салдарынан ауруханада қайтыс болды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.
— Қазір тергеу аяқталуға жақын. Тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Содан соң қылмыстық істің материалдары сотқа жолданады, — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
— Қылмыстық іс ескерткішті орнатқан мердігерге қатысты қозғалды. Ал сол кезде ескерткішті орнатуға, ашылуына жауапты болғандар да жауап беруі қажет, — дейді Айдос Сабыров.
Кейін Атырауда құлаған ескерткіштің салдарынан 9 жасар баланың қолы сынғанын хабарлаған болатыньбыз.