Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым": Өскеменде жалған ақпарат берген мас әйел ұсталды

Фото: Polisia.kz

Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым деп жалған хабарлама берген мас әйел ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"102" арнасына облыс орталығындағы полиция бөлімдерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары мамандырылған қызметтермен бірге ғимаратты мұқият тексеріп шықты, алайда жарылғыш немесе басқа да күмәнді заттар табылмады.

Полиция қоңырау шалған адамның жеке басын анықтады. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Әйел адам қоңырау шалған кезде полиция бөліміне жақын маңда жүрген және медициналық қорытындыға сәйкес, алкогольдік масаң күйде болған.

Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әйел жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді оны 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Полицейлер азаматтардан барлық жағдайда жауапкершілік танытуды сұрайды, себебі осындай жалған қоңыраулар мен хабарламалар айналадағы адамдарға қауіп төндіретінін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді