Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген мас тұрғын қамауға алынды

Петропавлда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген мас тұрғын қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Петропавлда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген мас тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

23 қаңтарға қараған түні “102” арнасына Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы көшесіндегі үйлердің бірінің пәтерінде жарылғыш зат қойылғаны туралы қоңырау түсті.

Дабыл сигналы бойынша кезекші жедел-тергеу тобы, жарғыш техниктер, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың, патрульдік полиция батальонының және басқа да мүдделі қызметтер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері дереу мекенжайға шықты. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылмады. Жалған хабарлама жасады деген күдікпен 35 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Ер адам мас күйде болды.

Ер адам үйдің кіреберісінде ұсталды. Осыған дейін бір жыл ішінде қоғамдық жерде мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл жолы да құқық бұзушылығын қайталағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды.

– Әкімшілік жазасын өтеп шыққан соң ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Баптың санкциясына сәйкес, ірі көлемдегі айыппұл (5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін) немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – дейді СҚО ПД экстремизмаге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері.

Өткен жылы полицияға қоңырау шалып, жалған хабарлама жасағаны үшін 2 солтүстікқазақстандық қылмыстық жауапкершілік арқалады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді