«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ Арман Жұмагелдиевке түрлі ұйымдарға мүше болуға, іс-шаралар ұйымдастыруға және бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде жазба жариялауға тыйым салынды.
Еске салайық, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын айтты.
2023 жылы қыркүйек айында Алматы маңындағы № 72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қатысты сот процесі басталды.
Бұған дейін «Дикий Арман» жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталғанын жазғанбыз.2024 жылдың желтоқсан айында Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша сотта жарыссөз өткен болатын.