Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда әйелдердің көбі қай салада жұмыс істейтіні мәлім болды

Қазақстанда әйелдердің көбі қай салада жұмыс істейтіні мәлім болды
Фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының басым бөлігі қай салада жұмыс істейтінін және қай жұмысты ерлер, нені әйелдер жиі атқаратынын айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, халық санағы мәліметтерінше, 2021 жылы Қазақстанда 9 миллион 188 мың адам жұмыс істеген. Бұл 2009 жылғы санақ кезіндегіден 39,2% артық.

Көбіне қазақстандықтар үш салада жұмыс істейді. Елде ең көп ауыл шаруашылығы жұмысшылары бар: 1,41 млн адам (жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 15,3%-ы). Екінші орында көтерме және бөлшек сауда саласы (1,35 млн адам, 14,7%) тұр. Үшінші орында өнеркәсіп (1 млн адам, 11,1%) саласы.

Ең "еркекке тән" сала – ауылшаруашылығы. Қазақстандағы жұмыс істейтін ерлердің 17%-ы ауыл шаруашылығында қызмет атқарады. Ал әйелдердің басым бөлігі сауда саласында (барлық қызметкердің 16%-ы). Жалпы 12 жылда жұмыспен қамту құрылымындағы әйелдердің үлесі 3% өсіп, 48% болды.

Жұмыс істейтін қазақстандықтардың басым бөлігі қалада тұрады (62,5%, 5,7 млн-нан астам адам). 2021 жылғы жағдай бойынша жұмыспен қамтылған азаматтардың 30,8%-ының жоғары білімі бар. Жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі 30-34 жас аралығындағы азаматтар (2021 жылы 1 млн 450 мың адам).

Бұған дейін статистика мамандары Қазақстанның жұмыс істейтін әр алтыншы азаматы саудамен айналысатынын хабарлаған еді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты