Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полиция құрықтаған алаяқ 16 эпизод бойынша сотталды

СҚО-да полиция құрықтаған алаяқ 16 эпизод бойынша сотталды
Фото: pixabay.com

СҚО полиция департаментінің қызметкерлері ұстаған алаяқ 16 эпизод бойынша сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 756 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді, оның 180-нен астамы тегін хабарландыру сервистері және әлеуметтік желілер арқылы тауарлар мен қызметтерді сатумен байланысты.

Өткен жылы СҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстан қалаларында, негізінен Петропавлда, шын мәнінде жоқ пәтерлерді белсенді түрде "жалға беріп келген" Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын анықтап ұстады.

Ол пәтерлердің фотосуреттерін интернеттен алып, танымал сайттарда хабарландырулар орналастырған және хабарласқан әр клиентке пәтерді әлдебіреулер сұрап қойғанын айтып сендірген, алайда алдын ала төлем жасалса, жалға беруге келісетінін айтқан.

Бұл үшін ол 5 мыңнан 45 мың теңгеге дейінгі төлемді талап еткен, ал ақша қолына тиген соң, алданған адамның нөмірін бұғаттап, байланысқа шығуды тоқтатқан. Мұқият жүргізілген тергеуден кейін полицейлер осы істі 16 эпизод бойынша сотқа жіберді. Қазіргі уақытта алаяқ шартты түрде төрт жылға сотталды.

Полицейлер азаматтарды мұқият болуға шақырады. Егер сіз сатушының әрекетіне сенімді болмасаңыз, интернетте тауарлар мен қызметтер туралы хабарландырулар бойынша алдын ала төлем жасауға келіспеңіз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді