Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада өзгенің мүлкін бүлдірген 330-дан астам бұзақы ұсталып, жазаланды

Астанада өзгенің мүлкін бүлдірген 330-дан астам бұзақы ұсталып, жазаланды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада вандализм және бөтеннің мүлкіне зиян келтіру әрекеттерімен күресу бойынша қарқынды және күшейтілген жұмыстар жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қала басшылығымен бірлесе отырып, осындай заң бұзушыларды анықтауға және алдын алуға бағытталған іс-шараларды белсенді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

2024 жылы жалпы сомасы 17 млн 112 мың 420 теңгені құрайтын 360-тан астам бұзақылық оқиғасы анықталды. 2025 жылы жыл басынан 393 мың 200 теңгені құрайтын 10 факті тіркелді.Бұзақылық жасағаны үшін 337 азамат жауапкершілікке тартылып, оның 198-іне айыппұл салынып, 139-ы әкімшілік қамауға алынды.Барлық құқық бұзушы табылып, ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оқиғаның бірі қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болды. 34 жастағы тұрғын лифт есігін теуіп әдейі сындырған. Полицейлер құқық бұзушыны анықтап, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке уақытша ұстау изоляторына қамалды.Естеріңізге сала кетейік, бұзақылық әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай әрекет үшін айыппұл салынып, өтемақы немесе тіпті қамауға алынуы мүмкін. Полицейлер қалада тәртіп пен тазалықты сақтауға, сондай-ақ қоғамға жат әрекеттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді. Акцияның мақсаты – кез келген бұзақылық жағдайды тоқтату және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Бұзақылықтың алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура және полиция бөлімімен келісе отырып жүргізіліп жатыр.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады