Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде автобус жолаушыларына қауіп төндірген мас жүргізуші анықталды

Ақтөбеде автобус жолаушыларына қауіп төндірген мас жүргізуші анықталды
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде полицейлер автобус жолаушыларына қауіп төндірген мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметкерлері «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында маршруттық автобус жүргізушісінің күдікті әрекеттеріне назар аударды. Тексеру кезінде полицейлер жүргізуші мас күйінде болуы мүмкін екеніне күдіктеніп, сараптама жүргізуге шешім қабылдады.

Жүргізуші расында да мас күйде болып шықты. Құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, автобус арнайы тұраққа қойылды. Енді жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген жүргізушіге әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, 14-16 қаңтар аралығында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді