Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ азамат автобус басқарған

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ азамат автобус басқарған
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ азамат автобусты басқарған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында №8 қалалық бағыттағы жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын автобустың жүргізушісінде жүргізуші куәлігінің жоқтығы анықталды.

Алимент бойынша берешегінің болуына байланысты сот ұйғарымымен аталған азаматтың жүргізуші куәлігінің қолданылуы тоқтатылған. Жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және автобус айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар, шара барысында ПАЗ қызметтік автобусты тиісті санатсыз басқарған жүргізуші анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көліктердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 11-15 қаңтар аралығында облыс аумағында бойынша “Тасымалдаушы” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты