Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция Павлодар көшелеріндегі жол ақауларын анықтады

Полиция Павлодар көшелеріндегі жол ақауларын анықтады
Фото: Polisia.kz

Полиция Павлодар көшелеріндегі жол ақауларын анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының әкімшілік полиция қызметкерлері облыс орталығындағы көшелер мен жолдарды тексеріп, кезекті рейд жүргізді. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өңірдегі жол қауіпсіздігін арттыру, жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында ұйымдастырылды.

Тексеру нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Ломов, Катаев, Амангелді, Қамзин, Ворушин, Циолковский көшелері және Кіші айналма жолдың бойында қарды тазалау бойынша бірқатар кемшіліктер анықталды.

– Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) мекемесіне ақауларды жою туралы ұйғарым жолданды, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері егер заңда көрсетілген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаса, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру – ішкі істер органдарының басты міндеті. «Заң және тәртіп» қағидаты құқық қорғау органдарының негізгі ұстанымы болып қала береді. Ол құқық бұзушылық жасаған кез келген тұлғаның жауапкершіліктен қашып құтыла алмайтынын дәлелдейді.

Азаматтардың қауіпсіздігі – ортақ міндет. Сол себепті полицияның талаптарын орындау және жолдардағы тәртіпті сақтау – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді