Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты

Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты
Фото: Polisia.kz

Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, 2023 жылдың жазында өнеркәсіптік ауқымда синтетикалық есірткі өндіру үшін елге прекурсорларды жеткізуді жолға қойған көршілес мемлекеттердің азаматтарынан тұратын трансұлттық есірткі тасымалы тобының қызметі тоқтатылды.

Белгілі болғандай, айыпталушылар Қазақстанда бірнеше есірткі зертханаларын құрып, синтетикалық есірткі жеткізушілері мен бетбелгі қоюшыларды «жұмысқа» тартуды көздеген. Халықаралық қылмыстық топты қолға түсіру ІІМ мен Алматы полициясының жүргізген жедел жұмысының нәтижесінде мүмкін болды. Әрбір қатысушының рөлін және басқа да адамдардың қатысуын анықтау үшін «арнайы жүк» оның бүкіл бағыты бойынша, соның ішінде әуе барлауын қолдану арқылы бақыланды. Прекурсорлар мен жабдықтарды тасымалдауды, оның ішінде шекарадан өтуді құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия атын жамылған логистикалық компания жүзеге асырғаны белгілі болды.

Арнайы іс-шараның әртүрлі кезеңдерінде полиция қызметкерлері прекурсорлардың контрабандасымен айналысқан үш шетелдікті ұстады.

Соңғы кезеңде Алматыда қалған айыпталушылар – көрші елдің екі азаматы мен Қазақстан азаматы ұсталды, олардан мефедрон мен шет мемлекеттің құқық қорғау органы қызметкерінің жалған куәлігі тәркіленді.

Жалға алынған қоймаларды рұқсат етілген тінту барысында психоактивті заттарды синтездеуге арналған 1160 бөшке әртүрлі прекурсорлар, «синтетика» өндіруге арналған 7 қорап арнайы зертханалық жабдық, екі реактор және 5 химиялық құрал-жабдық табылып, тәркіленді.

Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі шамамен 73 тоннаны (72,7) құрады. Осылайша полицейлер 8 тонна синтетикалық есірткінің өндірісіне тосқауыл қойды. Бұл 8 миллион бір реттік доза.

Алматы прокуратурасының көмегімен ҚК-нің 264-бабы (Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың төрт мүшесі жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты