Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ трансұлттық есірткі тасымалдаушы топтың жолын кесті

ІІМ трансұлттық есірткі тасымалдаушы топтың жолын кесті
Фото: polisia.kz

Синтетикалық есірткіні өндірістік ауқымда өндіру үшін елге прекурсорлар жеткізумен айналысқан трансұлттық топқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл топ көршілес мемлекеттердің азаматтарынан құралған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Анықталғандай, топ мүшелері Қазақстанда бірнеше есірткі зертханаларын ашып, “синтетика” жеткізушілер мен осы есірткі түрін жасырын қойып кетушілерді “жұмысқа” тартуды жоспарлаған.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы прокуратурасының көмегімен ҚК-нің 264-бабы “Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету” негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша мүлкін тәркілеп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Халықаралық қылмыстық топты ұстау ішкі істер министрлігі мен Алматы полициясының жан-жақты жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде мүмкін болды.

– Қылмыстық топқа қатысушы әрбір мүшенің рөлін және басқа адамдардың қатысын анықтау үшін “арнайы жүк” жіберіліп, бүкіл маршрут бойы бақыланды, оның ішінде әуе барлауы да қолданылды.

Прекурсорлар мен жабдықтарды тасымалдауды, оның ішінде шекарадан өткізуді құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия түріндегі тауарларды тасымалдайтын логистикалық компания жүзеге асырғаны анықталды, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Арнайы операцияның әртүрлі кезеңінде полиция қызметкерлері прекурсорлар контрабандасына қатысы бар үш шетелдікті ұстады.

Операцияның соңғы кезеңінде Алматыда таяу шетелдің екі азаматы мен еліміздің тұрғыны ұсталды. Олардан мефедрон мен шет мемлекеттің құқық қорғау органдары қызметкерінің жалған куәлігі тәркіленді.

Санкцияланған тінту барысында жалға алынған қоймаларда психоактивті заттарды синтездеуге арналған түрлі прекурсорлары бар 1160 бөшке, “синтетика” жасауға арналған арнайы зертханалық жабдықтың 7 жәшігі, 2 реактор және химиялық жабдықтың 5 жиынтығы табылып, тәркіленді.

Алынған прекурсорлардың жалпы көлемі шамамен 73 тоннаны құрады (72,7). Осылайша, полиция 8 тонна синтетикалық есірткінің өндірілуіне жол бермеді. Бұл бір реттік 8 млн доза.

Бұған дейін өткен жылдың соңында есірткі күрескерлері Алматы облысының елді мекендерінде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған шет мемлекеттердің 8 азаматынан тұратын тағы бір трансұлттық қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды.

Бұл факт бойынша 3 есірткі зертханасы, прекурсорларды сақтауға арналған 6 қойма таратылды. Пайдалануға дайын 10 реактор, 13 тонна прекурсор және 84 кг есірткі тәркіленді.

Осылайша аталған екі факт бойынша ғана қуаттылығы 10 тонна мефедрон өндіретін 12 есірткі зертханасын құруға жол берілмеді.

Қазақстан қалаларына синтетикалық есірткінің бір реттік 20 миллионнан астам дозасы таралуына тосқауыл қойылды.


 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді