Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері артты

Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері артты
Фото: pixabay.com

1 қаңтардан бастап аналарға бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері өседі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" ҚР заңына сәйкес, жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері мынадай мөлшерлерде белгіленген:

1-ші балаға 5,76 айлық есептік көрсеткіш;

2-ші балаға 6,81 айлық есептік көрсеткіш;

3-ші балаға 7,85 айлық есептік көрсеткіш;

4-ші және одан кейінгі балаға 8,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3692 теңгеден 3932 теңгеге дейін көбейтілді. Соған сай, 2025 жылғы төлем былай белгіленді:

1-ші балаға 22 649 теңге (2024 жылы – 21 266 теңге);

2-ші балаға 26 777 теңге (2024 жылы 25 143 теңге);

3-ші балаға 30 867 теңге (2024 жылы – 28 982 теңге);

4-ші және одан кейінгі нәрестелер үшін 34 995 теңге (2024 жылы 32 859 теңге).

Одан бөлек босанған анаға берілетін бір реттік жәрдемақы бар. Биыл бірінші, екінші және үшінші балаға 149 416 теңге (38 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға 247 716 теңге (63 АЕК) сүйіншіпұл төленеді.

Декретке шыққанға дейін жұмыс істеген әйелдер үшін біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты есептеледі. Орташа айлық табысты еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейтеді. Коэффициент 4,2-ге тең. Кейін шыққан сомадан 10 пайыз зейнетақы жарнасын алып тастайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді