Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 156 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды

2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 156 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды
Фото: pixabay.com

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 579,8 мың отбасы жалпы сомасы 156,2 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде сәуір айында 587,2 мың отбасыға 39,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты