Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жеке құрамы Халық қаһарманымен кездесті

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жеке құрамы Халық қаһарманымен кездесті
Фото: Polisia.kz

Алматыда Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің жеке құрамы Халық қаһарманы генерал-полковник Сәт Тоқпақбаевпен кездесу өткізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәт Бесімбайұлы өз уақытында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы күзет қызметінің басшысы, Қазақстанның Республикалық ұланының қолбасшысы, Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі және басқа да көптеген лауазымдарда абыройлы қызмет етіп, одан кейін де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4, 5-сайланым депутаты болып ел игілігі үшін атқарған еңбегі зор. Тәуелсіз Қазақстанның алғаш құрылуы мен дамуы жылдарында күші мен қуаты, білімі мен тәжірибесі толысып тұрған орта жастағы Сәт Бесімбайұлы қоғамға өлшеусіз қызмет еткен адамдардың бірі. Қандай мансап пен лауазым биігінде болсын, сенімге селкеу түсірмей қызмет еткен тұлға.

Сарбаздармен кеңінен сұхбаттасқан Халық қаһарманы өз өмірінен тәлім аларлық біраз ақыл-кеңестерін берді.

– Әрбір адамның өзіне тән өмір жолы, тыныс-тіршілігі болады. Мен аспаннан екі аяғым салбырап, генерал болып түсе салған жоқпын. Қарапайым ауыл баласымын. Мен де жас болдым. Мектептен кейін екі жыл кірпіш зауытында еңбек еттім. Әрі қарай оқуға кеттім. Мен өмір бойы оқу оқып, еңбек еткен адаммын. Сондықтан сендерге оқыңдар, оқыңдар деп қайталап айтамын. Қазір сендер үшін барлық мүмкіндік бар. Білім алып, адал қызмет етіңдер. Отанды қорғау отбасынан басталады. Отанды қорғау – отбасымды қорғау деп біліңдер. Оның жолында ештеңеден аянбаңдар, адал болыңдар! –деп өсиет етті Сәт Бесімбайұлы.

Тағылымы мол кездесу соңында Сәт Бесімбайұлы естелік ретінде бөлімнің құрметті қонақтарының кітабына жазба қалдырды.

Өмірі мен қызметі жолында қажырлы да адал еңбегімен абырой биігіне көтерілген Сәт ақсақал биыл 85 жасқа толдыСіңірген еңбегі мен көрген бейнеті, төккен маңдай терінің зейнетін көріп отыр. Ұл-қыздары мен немерелерінің ортасында жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр кешуде. Кездесуге оның өмірлік жары, жазушы Сәуле Досжан да келді. Кеш соңында ұландықтар қонақтармен бірге естелік суретке түсіп, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық атынан алғыс хат пен кәде сый тарту етті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді