Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада үй иесінің әшекей бұйымдарын қолды қылған күдікті ұсталды

Астанада үй иесінің әшекей бұйымдарын қолды қылған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада үй иесінің әшекей бұйымдарын қолды қылған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

30 жастағы ер азаматтың бір отбасының жүргізушісі болып жұмысқа тұрғаны мәлім болды.

Күдікті бірнеше ай бойы сол отбасының кішкентай баласын сабаққа апарып жүреді. Жүргізушіге сенім білдірген отбасы, оған бір үйде тұруды ұсынады.

Кейін отбасының барлық мүшелері ауруханаға түседі. Үйде жалғыз қалған ер азамат ерлі-зайыптының жатын бөлмесіне кіріп, әйелдің әшекей бұйымдарын қолды қылған. Ауруханадан шыққаннан кейін үйлеріне келіп, үй-іші шашылып, кейбір заттарының жоқ екенін байқаған үй иесі дереу полиция қызметкерлеріне хабарласады.

Әйел адам тәртіп сақшыларына үйіне сол жүргізушіден басқа ешкім келмегенін айтады.

Күдікті ұрланған 2 бриллиант жинағын, алтын сақина, сырға, кулон және алқаны ломбардқа тапсырып үлгерген.

Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп түскен арыз бойынша, күдікті тұлғаны ұстады.

Қылмыскер өз кінәсін мойындады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады