Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда егде жастағы әйелдерді тонаумен айналысқан күдікті қолға түсті

Алматыда егде жастағы әйелдерді тонаумен айналысқан күдікті қолға түсті
Фото: polisia.kz

Алматыда егде жастағы әйелдерді тонаумен айналысқан күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуезов аудандық полициясының мәліметінше 27 жастағы Б. есімді күдікті тек қана егде жастағы әйелдерді тонап келген. Кей жағдайларда ол тал түсте өзінің арам пиғылын жүзеге асырған.

– Ол егде жастағы әйел адамдардың әшекей бұйымдарын ашық түрде тартып алып, із жасырып жүрген. Күдікті қамауға алынды. Тергеудің бастапқы кезеңінде осы іспеттес 12 қылмыс жасағаны белгілі болды. Басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр. Қолды қылған әшекей бұйымдарды ол қала базарларының бірінде саудалап үлгерген. Қазіргі таңда, ұрланған мүлікті сатып алған тұлғалар іздестіріліп жатыр. Оларда қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – деп мәлімдеді Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сәйкес кез-келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді