Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына арналған әлеуметтік кепілдіктер туралы

Бұдан бұрын атап өтілгендей, 2022 жылдың қаңтарында елімізде орын алған қылмыстық элементтер мен қарулы қақтығыстар салдарынан ішкі істер органдарының сегіз қызметкері және  Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қаза тапты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

– Бұл олардың отбасылары мен ішкі істер министрлігінің әрбір қызметкері үшін орны толмас шығын. Олардың есімдері батырлар жылнамасына мәңгі енгізіліп, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының қайғылы тарихына алтын әріппен жазылады. Олардың есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің бірде-бір отбасы мен балалары біздің назарымыздан тыс қалмайды, – деді ведомствода.

Атап айтқанда, соңғы демі біткенше борышы мен антына адалдық танытқан 8 қызметкердің әрқайсысы қаза тапқаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Сонымен қатар, “Құқық қорғау қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабы бойынша қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына әлеуметтік кепілдіктер көзделген.

Соның ішінде, қайтыс болған адамның отбасына қызметтік міндеттерін атқару кезінде алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

Қызметкердің балаларына кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен медициналық және санаторий-курорттық қызметті пайдалану құқығы сақталады.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балалары әскери мектеп-интернаттарға және кадет корпустарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады, сондай-ақ оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинаса, құқық қорғау органының білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылданады.

Сонымен қатар, ІІМ басшылығы ҚР Білім және ғылым министрлігімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оқу процестері және тұрғын үй мәселесі бойынша бірқатар жеңілдіктер жасау мәселесін пысықтауда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда