Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда ерлікпен қаза тапқан азаматтардың балалары дарынды оқушыларға арналған мектепте тегін оқуы мүмкін

Қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қайтыс болған полиция, өрт сөндіру саласы мен әскери қызметкерлердің балалары колледждер мен дарынды балаларға арналған мектептерде грантпен оқи алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Қазақпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Министрліктің аппарат жиналысында Асхат Аймағамбетов осындай өзгеріс әзірленіп жатқанын мәлім етті. "Өз борышын өтеу кезінде қайтыс болған полиция, өрт сөндіру, әскер қызметкерлерінің отбасына білім беру саласы бойынша тиісті жеңілдіктер беру мәселесі шешімін тауып жатыр. Атап айтсақ, балабақшаларға олардың балаларын кезексіз алу мәселесі, жоғары оқу орындарына грант беру мәселесі шешімін тапқанын білесіздер. Ендігі кезекте осы балалардың біздің колледждерге грант алуы және мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептерге грант алып, түсу мәселесін шешіп жатырмыз. Жақын арада бұл мәселені толығымен шешіп бітіреміз деп айтқым келеді", - дейді ведомтсво басшысы. Асхат Аймағамбетовтің пайымынша, мұндай азаматтардың ерлігін балалардың бәріне жеткізу керек.

"Өйткені бұл шын мәнінде үлкен ерлік. Ерлік көрсеткен азаматтардың есімі ел есінде болуы керек және осындай мысалдармен, осындай үлгілермен біз тәрбие жұмысын жүргізуіміз керек. Сондықтан осы жеңілдіктерді енгізу бойынша президент тапсырмасын іске асырып жатырмыз. Жақында тиісті өзгерістер жүзеге асады деп ойлаймын", - дейді министр. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді