Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда полицейлер интернет-алаяқтықты әшкереледі

Маңғыстауда полицейлер интернет-алаяқтықты әшкереледі
Фото: Polisia.kz

Маңғыстауда полицейлер интернет-алаяқтықты әшкереледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазан айында Маңғыстау облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасына бірнеше тұрғын белгісіз тұлғалардың интернет-алаяқтық жасағаны туралы арызданды.

Зерттеу барысында алаяқтардың өзін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушілердің сеніміне кіргені анықталды. Осылайша, олар азаматтардың 133 миллион теңгеден астам қаржысын алдап, иемденіп алған.

Полиция қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, жәбірленушілердің ақшасының 20-дан астам дроперлердің есепшоттарына аударылғанын анықтады. Тергеу барысында дроперлердің басым бөлігінің Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері екені белгілі болды. Осыған байланысты арнайы іссапар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде күдікті ретінде 26 және 21 жастағы екі азамат ұсталды. Олар дроперлерден түскен қаражатты өз есепшоттарына аударған. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторында қамауда, ал қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Маңғыстау облысының полиция департаменті тұрғындарды мұндай алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады. Күмәнді қоңырау немесе әрекетке тап болсаңыз, тез арада құқық қорғау органдарына хабарлауыңызды өтінеміз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты