Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Заң және тәртіп: пара беру әрекеттері 70 қылмыстық іске әкелді

Заң және тәртіп: пара беру әрекеттері 70 қылмыстық іске әкелді
Фото: Polisia.kz

Полиция ведомствосында тәртіп сақшыларына пара беру әрекеттеріне байланысты 70-тен астам қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастыруда.

– Біздің ең басты міндетіміз – әрбір азамат өзін қауіпсіз сезініп, заң бұзушылықтың кез келген түрі жазасыз қалмайтынына сенімді болуын қалаймыз. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің де, азаматтардың да әрекеттері бейнебақылау камералары, регистраторлар мен смартжетондар арқылы жазылады. Барлық мәлімет ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаментімен тұрақты түрде қадағаланып отырады. Өкінішке орай, осы ескертулерге қарамастан, кейбір азаматтар заңсыз әрекеттерге барып, оның ішінде лауазымды тұлғаларға пара беруге әрекеттену жағдайлары жалғасуда. Күшейтілген бақылау басталғаннан бері осындай әрекеттер туралы полиция қызметкерлерінен 900-ден астам хабарлама түсті. Пара беру фактілері бойынша 70-тен астам қылмыстық іс қозғалды, – деп атап өтті ҚР ІІМ ақпараттық саясат департаментінің бастығы Шыңғыс Алекешов.

Мысалы Астана қаласында бір азамат жауапкершіліктен құтылу үшін ақшаны қызметтік көлікте қалдырған. Құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ал Көкшетау қаласында ер азамат қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін полиция қызметкерлеріне 500 мың теңге ұсынған. Іс сотқа жіберілді.

– Барлық азаматтарға тағы да айтарымыз: заңды сақтаңыздар және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекеттерді жасамаңыздар. Тек бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз тәртіп пен әділдік орнайтын қауіпсіз қоғам құра аламыз, – деп қосты спикер.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады