Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында полиция ҰҚКД-мен бірлесіп, жергілікті қылмыстық топты әшкереледі

Жетісу облысында полиция ҰҚКД-мен бірлесіп, жергілікті қылмыстық топты әшкереледі
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында полиция ҰҚКД-мен бірлесіп, бопсалаумен айналысқан жергілікті қылмыстық топты әшкереледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысында Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы (ҰҚҚКБ) қылмыстық топтарға қарсы белсенді шаралар қабылдайды. Сондай-ақ бұрын ішкі істер органдарының назарына түскен тұлғалармен жедел-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Қараша айының соңында ҰҚҚКБ қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, бопсалаумен айналысатын жергілікті қылмыстық топты әшкереледі. Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жетісу облысы полиция департаментінің ҰҚҚКБ қызметкерлері білім беру мекемелерінде оқушылар мен студенттер арасында тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Олар оқушылармен және жастармен кездесулер ұйымдастырып, онда бопсалау, қорқыту және осы секілді қауіптерден қалай қорғану қажеттігі жайында әңгімелеседі.

Кейде жәбірленушілер зорлық-зомбылық жасаушылардан қорқып, полициядан көмек сұраудан тартынады, бұл өз кезегінде қайғылы салдарға, тіпті суицидке әкеліп соғуы мүмкін.

Полицейлер зардап шеккендерді қорықпай, көмек сұрауға шақырады және әрбір арызданушының қорғалуына кепілдік береді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бопсалаушылық үшін айыппұлдан бастап, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді