Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскемен тұрғынын сүйіктісі 10 млн теңгеге алдап кеткен

Өскемен тұрғынын сүйіктісі 10 млн теңгеге алдап кеткен
Фото: pixabay.com

Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы бірге тұрған жігіті әртүрлі себептермен бірнеше рет ақша сұрап, уәде етілген мерзімде қайтаратынын айтқан. Бастапқыда қаражат көлемі аз болғанымен, уақыт өте келе оның сұраған сомасы айтарлықтай ұлғайған. Жігітінің қиын жағдайына сенген әйел оған көмектесу үшін өз атынан бірнеше банктен несие рәсімдеген. Нәтижесінде, келтірілген жалпы шығын шамамен 10 миллион теңгені құрады.

Қазіргі таңда полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Күдіктінің бұған дейін де осындай алаяқтық әрекеттері үшін сотталғаны белгілі болды.

Құқық қорғау органдары азаматтарға қаражатын қарызға беру мәселесінде аса мұқият болуды ескертеді. Тіпті бұл өтініш жақын таныстарыңыздан түссе де, қаржылық шешім қабылдамас бұрын жан-жақты ойланып, тәуекелдерді бағалаңыз. Егер күмәнді жағдайға тап болсаңыз немесе алаяқтық әрекеттің құрбанына айналсаңыз, дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.

Қырағылық – алаяқтықтан сақтанудың ең тиімді тәсілі!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады